«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 48 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 48 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.

2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы (Астана қаласы)» мемлекеттік мекемесі таратылсын.

3. Комитет осы қаулыға қосымшада көрсетілген мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2026 жылғы 29 қаңтардағы

№ 48 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитеті мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалған мемлекеттік мекемелердің

тізбесі

 

1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.

2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Күзет қызметін бақылау комитетінiң Үкiметтiк мекемелердi күзету жөнiндегi мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.